Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Семейде итті ағашқа асып азаптаған адам зейнеткер болып шықты

Фото: Видеодан скриншот

Семейде итті айуандықпен өлтірген қаскөй табылды.Анықталғандай, итті өз иесі оны қорлаған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Семейде итті шынжырмен ағашқа асып қойып, жануарды азаппен өлтірген. Жануардың өзін босатуға тырысқаны анық, себебі ағаштың қабығы қатты жұлынып қалған. Десе де ит аман қалмады. Өлексені өтіп бара жатқан адамдар тауып алған. Оқиға куәгерлері сұмдық жаңалықты желіде жариялады.



Полицейлер іздеу жұмыстарын бастап, 67 жастағы әйелді анықтады. Зейнеткер кінәсін мойындады, алайда мұндай қатыгездіктің себебін түсіндіргісі келмеді. Ал енді оны қалай жазалайтынын сот шешеді.

“Бұл қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған күдікті - жануардың 67 жастағы иесі. Ол тергеу барысында кінәсін мойындады. Қазір бұл іске қатысты бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Жан-жақты тексеру қорытындысы бойынша облыс орталығы тұрғынының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі”, – деді Абай облыстық ІІБ Тергеу бөлімінің бастығы Талғат Еліков.  

Еске салсақ, Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, азаппен өлтірген еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 08:45
Талқылау