Семейде тұрғын бұзауларды жигулидің артқы орындығына тиеп алып жүрген (видео)
Абай облысының тұрғыны "жигулидің" салонына екі сиырды тиеп алған. Түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісінде тараған. Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына "жайғасып" алғанын көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы баптың санкциясымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында тірі қойларды мотоцикліне байлап, көшеде келе жатқан ер азаматтың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскенін жаздық. 2 тамызда Үржар ауданының 35 жастағы тұрғынына қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Алғашқысы транспортты құжатсыз айдағаны және мотоциклдің мемлекеттік нөмірі болмаған үшін, екіншісі мотошлем тақпағаны үшін жауапқа тартылды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты