Семейде бұған дейін өтпейтіні айтылған ресейлік Би-2 тобының концерті ақыры өтетін болды
Семейде бұған дейін өтпейтіні айтылған ресейлік Би-2 тобының концерті ақыры өтетін болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ресми түрде – ия!”, – деп жазды концертті ұйымдастырушылар сейсенбі күні Instagram парақшасында.
Концерттің өтетіні туралы жергілікті БАҚ пен басылымдар да жазуда.
Еске салайық, бұған дейін Семей қаласының әкімдігі Би-2 тобының концерті тоқтатылатынын хабарлағанымен, кейін Instagram парақшасынан хабарламаны өшіріп тастаған.
Концерттің тоқтатылатыны туралы хабарға қазақстандықтар екі жақты пікір білдірді.
- "Әртістеріміз үлгі алсын": Ресейлік танымал топ Қазақстандағы концерттен түскен қаржысын Абай облысында өрттен жапа шеккендерге аударатынын айтты
- "Русофобиялық бұрышқа айналып барады": Лепстің директоры Қазақстанды дос емес ел деп атады
- Семейде өтетін Би-2 тобының қайырымдылық концертіне қарсы шыққан депутат сынның астында қалды
Мұның алдында топ Семей қаласында өтетін концерттен түскен пайданы Абай облысында өрттен жапа шеккендерге аударатынын айтқан.
Айта кетейік, ресейлік тағы бір әртіс Григорий Лепстің Қонаев қаласында жоспарланған концерті қазақстандықтардың наразылығынан кейін тоқтатылған. Осыдан бірнеше күн бұрын Лепс пен басқа да бірқатар ресейлік әртістер Украинаның әскери техникасын жойған сарбаздарға қомақты қаржы беретіндерін айтқан. Қазақстандықтар Лепстің концертіне бару – Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясын қолдау екенін айтқан.