Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде белгісіз топ қоғамдық қордың атын жамылып, адамдардан ақша бопсалаған

Семейде ресми тіркелген қоғамдық қор атынан әрекет еткен бір топ бопсалаушы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Топ мүшелері мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетеміз деген желеуімен қылмыстық әрекеттерге барған. Қылмыскерлер ресми түрде тіркелген және арнайы Instagram парақшасы бар қоғамдық қор құрған. Бірақ қор құрылған күннен бастап оның шотына ешқандай қаражат түспеген.

Күдіктілер қорды қаржыландырамыз деген желеумен жергілікті жастар мен есірткі тұтынушылардан ақша бопсалаған. Кейбір жағдайларда топ өз құрбандарын қажетті соманы алғанша жалдамалы пәтерлерде ұстаған.

“Бопсалаудың 7 фактісі анықталды. Арнайы операция барысында 19 тінту іс-шарасы жүргізіліп, суық және травматикалық қару тәркіленді. 18 адам полицияға жеткізілді, олардың ішінде қылмыстық топтың 8 негізгі қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Талқылау