Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 23 жастағы жігіттің денесі табылды

Фото: gov.kz

Семейде көпірдің астындағы мұз үстінен жас жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ертіс өзенінде, мүз үстінде жатқан мәйітті куәгерлер тауып, полицияға хабарлаған. 

“Ертіс өзенінің мұз үстінен, аспалы көпірдің астынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде”, – делінген Абай облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Астанада аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды: Әкімдік оның мұзға тайып құлағанын жоққа шығарды


Полиция оқиғаның себептері мен 23 жастағы азаматтың өліміне түрткі болған жайттар анықталып жатқанын атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда дәрігерге кеткен ер адамның денесі өзеннен табылғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 05 Ақпан, 2026 21:57