Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 21 жастағы қызды қағып өлтірген жүргізуші 2,5 жылға сотталған: Енді ол жазасын шарттыға ауыстыруды сұрап отыр

Оқиға орныФото: Time.kz

Өткен жылы қыркүйекте Семейде 21 жастағы Аяжан есімді қыз жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқанда көлік қағып, мерт болды. Көлік тізгінінде жергілікті шаруа қожалығының иесі Бағдат Мұрзакенов болған. Сот оны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бір жылдан кейін Мұрзакенов жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза – шартты жазаға ауыстыру туралы өтініш берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newtimes.kz желілік басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот отырысы 21 тамызға белгіленген. Алайда марқұм Аяжанның анасы Гүлнора Муминова үкіммен де, жүргізушінің түрмеден мерзімінен бұрын шығу ниетімен де келіспейді.

"Мен оның бұл әрекетін кешірмеймін. Қызымды жер қойнына тапсырғаныма бір жыл да болған жоқ, ол қазірдің өзінде бостандыққа шығуға өтініш беріп жүр. Видеода соқтығысқанға дейін оның тежегішті баспағанын көруге болады. Кейін қызымды көліктің астынан сүйреп шығарған. Жүрек талмасы ұстап қалғандай көрініп, кінәсін мойындамады", – дейді ол.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға болған күні қызы жұмысына барып, кейін дүкенге барып келмек болған. Бейнебақылау камераларына Аяжанның жаяу жүргіншілер өткелінің жартысын кесіп өткені, кейін оны ақ түсті Toyota Land Cruiser көлігі жылдамдықпен қағып кеткен сәті түсіп қалған. Қызды екпінмен бірнеше метрге лақтырып жіберген, сонан соң ол жол талғамайтын көліктің астында қалған.

"Асфальтта қан болған жоқ. Дәрігерлер оның әуеде қайтыс болып кеткенін айтты. Барлық жері сынған, барлық азғасында қан болды", – деп еске алады Гүлнора.

Сот Мұрзакеновті абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Бапта бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл ретте сот жеңілдететін мән-жайларды ескерген, алайда соттың баспасөз қызметі ол жағын нақтыламады.

"Бұл кішігірім ауырлықтағы қылмыс санатына жатады. Заң бойынша, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде және ауырлататын мән-жайлар болмағанда, мұндай қылмыстар үшін жаза ең жоғары мерзімнің жартысынан аспауы керек", – деп түсіндірді соттағылар.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 11:58
Талқылау