450 адам іздеп жатыр: Семейде 17 жастағы қыздың денесі табылмай жатыр
Семейде 450 адам жабылып, 17 жасар қыздың денесін таппай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалғанын хабарлаған. Жасөспірім 13 қарашада үйінен шығып, қайта оралмапты.
Полиция департаментінде шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізді. 19 жастағы жігіт күдікті ретінде ұсталған. Ол қызды өлтіргенін мойындады.
“Кінәлі адам анықталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілді. Аталған дерек бойынша ҚК 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы ("Кәмелетке толмаған адамды қасақана өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, —деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Десе де, қыздың денесі әлі табылған жоқ. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері, сарбаздар мен төтеншеліктерден, еріктілерден құралған 450 адам іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"