Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде 10 жасар бала көпқабатты үйдің шатырына шығып алған

Семейде 10 жасар бала он қабатты тұрғын-үйдің шатырына шығып алып, елді біраз әуре-сарсаңға түсірді. Жеткіншектің шатырға шығып алғанын үй тұрғындары байқап, 112 нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарлаған.

Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар басқармасынан хабарланды.

Баланың үй шатырына қалай шығып алғаны белгісіз. Өзі ештеңені түсіндіре алмаған. Құтқарушылардың анықтауынша, 2007 жылы туған ер бала психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұр. Өзінің сөйлеу қабілеті нашар дамыған.

Бір қызығы, құтқарушылар жоғарыға көтерілген кезде шатырдың есігі құлыптаулы болған. ТЖ қызметінің болжамынша, пәтер иелерінің кооперативтері жөндеу жұмыстарын жасау үшін шатыр есігін ашып, бала шығып алған соң, оны байқамастан жауып қойған болуы мүмкін.

 

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да оқушы баспалдақтан құлап, комаға түсті

Медициналық мекемелер әлеуметтік желідегі шағымдарға жауап беруге міндеттелді

Жезқазғандықтар нанның бағасы 150 теңгеге көтерілгеніне қарсылық білдірді

Туған ұлын зорлаған мектептің экс-директоры туралы әріптестері жаңа деректер айтты

Талқылау