Семейде бірінші курс студенті 16 жастағы жасөспірімді ұрып өлтірді
Семейде геодезия және картография колледжінің бірінші курс студенті басқа оқу орнында оқитын жасөспірімді өлтіріп кеткен. Қайғылы оқиға 5 қазанда кешкі уақытта дүкеннің жанында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: livekuban.ru
Мәліметтерге сенсек, 17 жастағы бірінші курс студенті басқа оқу орнында оқитын 16 жастағы студентпен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде бірінші курс студенті жасөспірімді ұрып-соғып, оның өліміне себепкер болған.
Марқұмның көпсалалы колледжде оқығаны белгілі болды.
Полиция аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда өлімге әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановқа бір топ адам шабуыл жасағанын жаздық. Пышақ соққыларының бірі спортышының жүрек аймағына тиген. Бақытымызға орай, спортшы аман қалды. Ал Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.