"Семей орманы" кәсіпорнында 5 қызметкер жалған дипломмен жұмыс істеген
Абай ауданының прокуратурасы "Семей орманы" кәсіпорнында жалған дипломмен жұмыс істеген бес МОТР қызметкерлерін анықтады. Олардың қатарында қорық филиалының басшысы да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Аqmolanews.kz
"Семей орманы" кәсіпорнына бес қызметкер жалған дипломмен жұмысқа тұрған. Болған жағдайға қатысты Шәкәрім университеті пікір білдірді.
“Шәкәрім университетінің мәліметінше, бұл жұмысшыларға диплом берілмеген. Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі "Көрінеу жалған құжат пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, – делінген хабарламада.
Көрсетілген баптың санкциясында күдіктілерді 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Дипломдар саны қалыптан тыс өскен: Антикор жалған диплом беру схемасын әшкереледі
Айта кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жалған диплом жасап сатқандар мен сатып алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен еді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты