Сексуалды құлдық бойынша айыпталған P.Diddy-ні алқабилер ақтап жіберді
Фото: ensonhaber
Рэпер P.Diddy немесе Шон Комбс қатысты сот процесінде қазылар алқасы ең ауыр айыптар бойынша оны ақтап жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Комбс бес бап бойынша сотқа тартылған еді. Алқабилер соның ішінде сексуалдық құлдық және рэкеттік қастандық бойынша кінәлі емес деп таныды.
Десе де P.Diddy жезөкшелікке тарту немесе жеңгетайлықтың екі фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Судья оның нақты үкімін енді анықтайды, десе де әрбір әрекеті үшін ол ең көбі 10 жылға бас бостандығынан айырылады.
Сексуалды құлдық бойынша айыпталған P.Diddy-дің соты басталды
Егер P.Diddy сексуалды құлдық үшін кінәлі болса, ол әрбір ісі үшін кемінде 15 жылдан алатын еді. Ал рэкеттік қастандық үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылар еді. Енді оған өмір бойына сотталу қаупі төніп тұрған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін 17 қыркүйекте рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шыққан еді. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да белгілі, желіде фотолар пайда болған. Сексуалды құлдық айыбы бойынша 120-ға жуық адам шағымданған еді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
