Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Секспен айналысудан шаршаған келіншек күйеуін уландырып тастады

Андреа Еминг осыдан екі жыл бұрын тәртіп сақшыларына өзінің күйеуін уландырғанын айтқан-ды. Бұған оның төсек қатынасына деген талап-тілектері себепші болған екен. Яғни 49 жастағы әйел күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуден әбден шаршаған.

Чем-полезен-секс-для-женщин-или-5-причин-заниматься-им

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Күйеуін улаған невадалық келіншек полициядан қашып жүр. Ол осыдан екі жыл бұрын күйеуінің күнделікті тамағына бор қышқылын қосып бергенін айтқан. Әдетте бұл химикат тарақандарды өлтіру үшін қолданылады. Бастапқыда күйеуі өзінің уланғанын түсінбеген. Тіпті, мұрны қанап, іші өткен кездерде де ауруханаға бармаған. «Мен оны өлтіргім келген жоқ. Бор қышқылын дәл осындай көп мөлшерде қолданамын деп те ойламадым», – дейді келіншек.

Сот үкімі оқылатын күні әйел елден қашып үлгерген. Ал оның бұрынғы күйеуі әйелінің бұл әрекетіне көпке дейін сене алмай келген. «Мен қатты таңқалдым. Біздің мемлекетте мұндай қылмыскерлерді тез ұстайды деп ойлаушы едім. Біраз уақыт бұрын ауырғаным рас. Шамамен 6-8 ай. Асқазанып бүріп ауырды. Әйелім маған жас кезінде стюардесса болып жүріп жаңағы дәріні ұшақта тыныш отырмаған адамдарға қолданатынын айтқан болатын. Бұл оқиға енді ғана есіме түсіп жатыр», – дейді күйеуі.

3DF813FD00000578-4282776-image-a-97_1488686993378

Құқық қорғау қызметкерлері әйелдің Мексикада жасырынып жүргенін айтып жатыр. Ол ұсталған жағдайда 15 жылға бас бостандығынан айырылмақ.


Жіберіп алмаңыз:

Қызғаншақ күйеу Facebook-тегі суретке бола әйелін өртеп жіберді (фото)

Вьетнамға жіберілген айғыр тұяғы мүжілгенше екі жыл кешіп туған жеріне қашып келген

Норвегияда бұғы өзін құтқарып қалған отбасыға күн сайын келіп тұрады (фото)

Өзін сәби кезінде құтқарып қалған медбикені іздеген әйел оны 38 жылдан соң тапты (фото)

Талқылау