Жыныстық қатынастан кім көбірек ләззат алады: ерлер әлде әйелдер?
Жыныстық қатынастан кім көбірек ләззат алады? Әйелдер ме, еркектер ме? Бұған жауап алу үшін, ең алдымен, сұрақты кімнің қойып тұрғанын анықтау керек.
Британдық сексологтың пайымдауынша, секске ерлер көбірек құмар болғанымен, одан ләззатты әйелдер молынан алады екен.
Секстен ерлер көбірек рахаттанады деген пікір кеңінен танымал. Біріншіден, ер адам жыныстық қатынас туралы жиі ойланады, екіншіден, анатомиялық ерекшеліктері жағынан алғанда әйел адамның жыныстық қатынас кезінде оргазмға жетуі – қиын нәрсе. Алайда соған қарап қорытынды шығару қате, дейді британиялық сексолог Трейси Кокс.
Оның айтуынша, 60 жасқа дейінгі ер адамдар кем дегенде күніне бір рет жыныстық қатынас туралы ойланады. Мұндай ой дәл осындай жиілікпен әйелдердің 20% ғана болады. Флорида университеті ғалымдарының пікірінше, ерлер тез қозады әрі жыныстық қатынасты әртүрлі қалыпта елестетеді. Зерттеушілер қарым-қатынастың кез келген деңгейінде ерлердің сексті көбірек қалап тұратынын растады. Бұл феномен биологиялық себептермен түсіндіріледі: ерлер өздерінің генетикалық материалдарын мейлінше көп әйелге беруге әуес.
Алайда оргазмға жеткен еркектің секске деген қызығушылығы тез жоғалады және ол жуық арада ұйықтап қалады. Ал деліткінің төмен деңгейдегі сезімталдығы нәзік жандылардың тез арада қозып, жаңа оргазмға даярлануына мүмкіндік береді. Ерлердің көбісі жыныстық қатынасқа түскеннен кейін небәрі 4 мнуттан соң оргазмға жетсе, әйелдерге ол үшін 10 минуттан 20 минутқа дейін уақыт қажет. Сол себепті де олардың ләззат алуы ұзаққа созылады. Есесіне секс кезінде ерлердің 75%, ал әйелдердің небәрі 26% оргазмды бастан кешіреді. Алайда ауыздың қатысуымен өтетін жыныстық қатынасқа келгенде статистика керісінше өзгеруі мүмкін.
Статистикаға сүйенсек, әйелдердің 81% соңғы рет оральді секс кезінде ләззат алған. Бұл орайда лесбиянкалар қалыпты әйелдерге қарағанда оргазмға көп жететін ұқсайды. Бұл лесбийлік сексте көбінесе оральді секс қолданылатындығымен түсіндіріледі.
Құмарлықтың негізгі драйвері – әйелдерден қарағанда ерлерде 20 есе көп болатын тестостерон гормоны болып табылады. Алайда бұған қарап, ерлердің әйелдерден қарағанда сексті 20 есе көп талап етеді деу қате пікір. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ерлердің басым бөлігі тек стереотиптерге сай болу үшін жыныстық қатынасқа құмартады. Сол сияқты әйелдер де өзгелерден ерекшеленбеу үшін тек романтикаға қызығатындарын білдіртеді. Сондай-ақ, ерлердің әйелдермен салыстырғанда анағұрлым ерте қозатынын айтып өткен жөн.