Сегізі көз жұмып, екеуі жарақаттанды: Ресейде сарбаз әріптестерін атып тастады
Ресейдің Забайкалье өңірінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз әріптестерін атып тастады. Салдарынан сегізі көз жұмып, екеуі жарақаттанды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы жағдай жұма күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18:20-да орын алған.
«Күзетті ауыстыру кезінде жөндеу-техникалық базасының әскери қызметкері әріптестеріне табельдік қарудан оқ жаудырды», - дейді Ресейдің қорғаныс министрлігіндегілер.
Оқиғадан кейін сарбаз тұтқындалды. Ал зардап шеккендер шұғыл түрде әскери госпитальге жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Челах бәрін айтқан жоқ: Арқанкергенде қаза тапқан жауынгердің анасы ұлының өліміне сенбейді >>>
«Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметкердің әрекетіне жүйкесінің жұқаруы себеп болған болуы мүмкін. Әскери борышын өтеуге емес, жеке басына қатысты жайттарға байланысты жүйкесі жұқарған болуы мүмкін», - дейді министрліктегілер.
Оқиға орнына қорғаныс министрлігінен комиссия аттанды. Мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.