Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сегіз сағаттық ұйқының пайдасы жоққа шығарылды

Ұлыбританиядағы Лофборо университетінің профессоры Кевин Морган күніне сегіз сағат ұйықтау туралы кеңес барлық адамға сай келе бермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Профессордың айтуынша, соңғы зерттеулер сегіз сағаттық ұйқының пайдасы туралы мифті жоққа шығарды. Ол адамдардың көбі күніне жетіден тоғыз сағатқа дейін ұйықтау керек екенін айтты.

Алайда бұл көрсеткіштерден жоғары және төмен ауытқулар болуы мүмкін екенін түсіндірді ғалым.

Сомнолог жұмыс күндері ұйқының жетіспеушілігін демалыс күндері ұзағырақ ұйықтау арқылы толтыруға болатынын дәлелдеген қытай ғалымдарының зерттеуіне назар аударды. 

"Компенсаторлық ұйқының артықшылықтарын демалыс күндері 1,28 сағатқа көбірек ұйықтау арқылы байқап көруге болады", – деді Морган.



Еске салайық, бұған дейін 1 наурызда Қазақстанның барлық аймағы бір уақыт белдеуіне ауысты. Алайда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар жарыққа көп шығындалатын болды. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағат артық пайдаланған. 

Бұған дейін бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинағаны туралы жазған едік. Ал министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қанағаттандырмай қойды.

Талқылау