Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

SCAT бортында Ұлытаудағы ер адамның дәрет сындырып отырған фотосы: Шенеуніктер шағым түсіретінін айтты

Ұлытау журнал Scatжурналдан скрин

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков SCAT әуе компаниясының борт журналында жарияланған далада дәрет сындырып отырған ер адамның фотосы өңірге күтпеген танымалдық әкелгенін айтты. TikTok-тағы жарияланған видео шамамен 300 мың рет қаралған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дастан Рыспековтың айтуынша, жағдай халық ойлағандай болмаған, бірақ өңірдің танымалдығын айтарлықтай арттырған.

"Өкінішке қарай, көпшілікке дәл сол фото тарап кетті, бірақ мүлдем басқа сурет орналастырылуы мүмкін еді. Бұл өңірді дамыту жұмыстарының аясында болды. SCAT әуе компаниясының борт журналы біздің облысты танытатын бір ғана бағыт емес. Бірақ, өкінішке қарай, тапсырыс берушімен келісілмеген фото жарияланған. Осыған байланысты қызмет жеткізушіге талаптар қойылатын болады. Екінші жағынан, жағымсыз жарнама да жұмыс істейді", – деді өңір басшысы.

Бұған дейін Михаил Козачков Instagram желісінде борт журналдағы "бөтен адамның силуэтіне" назар аударған еді.

"Скатқа отырасың, Ұлытау облысының сұлулығы бейнеленген журналды қарайсың. Сосын суреттен даланың ортасында өз шаруасын істеп отырған бір ер адамды көресің. Бұл енді жасанды интеллект емес", – деп жазды желі қолданушысы.

Автордың айтуынша, әкімдік бұған көп күттірмей ресми түсініктеме берген.

"Ең қызығы білесіз бе не? Облыс әкімдігі оның шын мәнінде түсірілім кезіндегі дрон операторы екенін, ал оның шалбарының түсі жер бедерімен үйлесіп кеткенін айтады. Сенеміз бе?" – дейді жазба авторы.

Сондай-ақ әкімдік әуе компаниясы түсінбеушіліктердің алдын алу үшін журналдағы бұл бетті алып тастағанын мәлімдеді. Әзірге Михаил Козачков бұған пікір білдірген жоқ.

Рая Мінәп
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 18:59