Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Škoda Қазақстанда жол талғамайтын Škoda Karoq қалалық көлігін таныстырды

Қазақстандық "Allur" автокөлік компаниясының құрамына кіретін, Škoda маркасының ресми дистрибьюторы "Прага Авто" компаниясы жол талғамайтын Škoda Karoq қалалық көлігі сатылымының басталғанын хабарлайды.

Škoda Karoq көлігінде классикалық стиль, динамика, жайлылық пен заманауи технологиялар оңтайлы үйлесім тапқан. Автокөлік мінсіз эргономикасымен қатар сәнді әрі ықшам дизайнымен еуропалық брендтің озық дәстүрлерінің мұрагері ретінде ерекше көзге түседі.

1.4 TSI қозғалтқышы бар Karoq ең соңғы үлгідегі 8-сатылы автоматпен жабдықталған. Бұл беріліс қорабы классикалық гидромеханикалық құрылымға ие және төмен отын шығынымен үздік қозғалысты қамтамасыз етеді. Көлік жүрісі 9,2 сек. ішінде 0-ден 100 км/сағ-қа дейін үдейді деп мәлімденген.

Škoda Karoq-тың төрт цилиндрлі бензинді қозғалтқышының 150 а. к.-не тең оңтайлы қуатын және 1500-ден 4000 айн/мин дейінгі аралықтағы 250 Нм-ге тең ең жоғары айналу сәтінің керемет көрсеткішін атап өткен жөн. Бұл автокөлікке қалада да, ұзақ жолға шыққанда да, адамның сенімді серіктесі болуға септігін тигізеді. Аталған сипаттамалары отын шығынының төмен болуымен толықтырылады, отын шығыны трассада небәрі 5,4 л/100 км құрайды.

Ұзындығы - 4390 мм, габариттік ені – 1 841 мм, биіктігі – 1 603 мм темір тұлпар жүргізушіге және кез келген қатарда отыратын жолаушыларға көлік ішінде жайлы отыру мүмкіндігін сыйлайды. Жүк салғышының көлемі – 510 литр, ал дөңгелекті базасы - 2638 мм.

Жоғары орналасқан шамдары мен радиатор торлары сенімділікті қамтамасыз етіп, Škoda Karoq-ты көлік ағынында жаңылыспай тануға көмектеседі. Әсем сызықтарының, динамикалық қисықтарының және қайратты бейнесінің оңтайлы үйлесімі шанақ дизайнының тұтастығын көрсетеді. Матрицалық шамдармен жұптаса істейтін алыс жарықты басқару жүйесі жарықтандыру режимін тәулік уақытына, жол жағдайларына және қарсы автокөлік қозғалысының бар-жоқтығына сәйкес бейімдейді. Нәтижесінде, көліктің алдындағы жол мінсіз жарықтандырылып, қауіпсіздікті арттырады.

Karoq қауіпсіздік бойынша ең жоғары рейтингке ие болды. Euro NCAP ұйымы бұл үлгіге барлық жолаушылардың өте жоғары деңгейде қорғалатынын растайтын "5 жұлдыз" рейтингін берді. Жүргізуші мен жолаушыларды жарақаттардан қорғау қауіпсіздік жастықтары, үш нүктелі автоматты қауіпсіздік белдіктері және бас тіректері секілді құралдардың ойланып жасалған кешенімен қамтамасыз етіледі.

Škoda Karoq-қа матрицалық шамдар (LED), 18 дюймдік жеңіл балқыма дисктер, KESSY Full кілтсіз кіру жүйесі, 8 динамигі бар Bolero аудио жүйесі, электрлік жетекті панорамалық төбе, автоматты беріліс қорабы мен жылу жүйесін басқаратын көп функциялы спорттық 3 шабақты былғары рөл дөңгелегі, жылдамдық шектегіші бар круиздік басқару, Climatronic климат басқару, Driving Mode Selection қозғалыс режимін таңдау жүйесі, Light Assistant жүйесі, көлік салонының атмосфералық көмескі жарығы, былғарымен қапталған орындықтар, виртуал басқышы бар жүк салғыш қақпағының электр жетегі, смартфонды қуаттауға арналған сымсыз құрылғы, Area View айналаны шолу жүйесі, Smart Link жүйесі және автоматты тұраққа қою жүйесі кіреді.

Қазақстанда модель Selection және Sportline атты екі жиынтықта ұсынылады. Бастапқы құны - 15 290 000 теңгеден басталады. 

Қазақстанда Škoda Karoq көлігіне 5 жыл немесе 150 000 км жүрілген жолға тең зауыттық кепілдік беріледі. Karoq және брендтің қазақстандық желісінің басқа үлгілері туралы толығырақ ақпаратпен ҚР аумағындағы Skoda ресми дилерлік орталықтарынан, сондай-ақ дистрибьютордың  ресми сайтынан танысуға болады.

Талқылау