Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Škoda Қазақстанда толық жетекті Škoda Karoq кроссоверін таныстырды

Қазақстанда толық жетекті Škoda Karoq 2.0 TSI қозғалтқышымен, 7 сатылы DSG қорабымен жабдықталған және Sportline жинақтамасында ұсынылады. 

Фото: Škoda Qazaqstan

Škoda брендінің Қазақстан Республикасындағы ресми дистрибьюторы, Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін "Прага Авто" компаниясы толық жетекті қалалық Škoda Karoq кроссоверінің сатылымы басталғанын хабарлайды.

Фото: Škoda Qazaqstan

Škoda Karoq – жоғары жайлылықты, өнімділік пен заманауи технологияларды үйлестіретін стильді әрі қуатты кроссовер. Оның элегантты әрі салмақты дизайны жоғары эргономикамен қатарласып, модельдің еуропалық брендтің үздік дәстүрін жалғастырушы екенін айқын көрсетеді. 

Фото: Škoda Qazaqstan

2.0 TSI қозғалтқышымен жабдықталған Karoq ТМД нарығында алғаш рет өзінің топ нұсқасында ұсынылып отыр. Автомобиль майлы ортада жұмыс істейтін қос муфталы, 7 сатылы автоматты DSG DQ-381 беріліс қорабымен жабдықталған. Бұл Škoda желісіндегі ең заманауи және сенімді DSG қорабы болып саналады. Ол берілістерді жылдам ауыстыру арқылы автомобильдің тиімді әрі қарқынды қозғалуын қамтамасыз етеді. 0-ден 100 км/сағатқа дейін жету уақыты – 7,0 секунд. 

Фото: Škoda Qazaqstan

Турбоүрлеуімен төрт цилиндрлі бензинді қозғалтқышы бар Škoda Karoq тиімді қуаттылығымен ерекшеленеді – 190 а.к., ал максималды айналу моменті 320 Нм, ол 1500-ден 4100 айн/мин аралығында тұрақты жұмыс істейді. Бұл автомобильді қалада да, ұзақ сапарларда да мінсіз серікке айналдырады. Сонымен қатар, ол жанармайды үнемді жұмсайды – трассада бар болғаны 5,7 л/100 км.

Фото: Škoda Qazaqstan

Автомобильдің ұзындығы 4 390 мм, жалпы ені – 1 841 мм, ал биіктігі шатырдағы рейлингтерімен бірге – 1 608 мм. Жүксалғыш көлемі 500 литр, ал дөңгелек базасы 2 630 мм.

Жоғары орналасқан жарық шамдары мен радиатор торы Škoda Karoq моделіне сенімділік беріп, оны көліктер арасында ерешелеп тұрады. Элегантты сызықтар, динамикалық пішіндер мен жігерлі бейнесі автомобильдің сыртқы дизайнындағы үйлесімділікті қалыптастырады. Алыс жарықты басқару жүйесі матрицалық фаралармен бірге жұмыс істеп, жарық деңгейін тәуліктің уақытына, жол жағдайына және қарсы келе жатқан көліктердің болуына қарай бейімдейді. Нәтижесінде, жолдың алдыңғы бөлігі мінсіз көрініп, қозғалыс қауіпсіздігі айтарлықтай артады. 

Фото: Škoda Qazaqstan

Karoq 2.0 TSI 4x4 ең жоғары қауіпсіздік рейтингін алды. Euro NCAP ұйымы бұл модельге "5 жұлдыз" деген ең жоғары баға беріп, барлық жолаушылардың қорғалу деңгейінің өте жоғары екенін растады. Кузовтың құрылымында жоғары сапалы болаттың қолданылуы көліктің қауіпсіздігі мен басқарылуын жолда да, жолсыз жерлерде де жақсартуға септігін тигізеді. 

Фото: Škoda Qazaqstan

Škoda Karoq матрицалық фаралармен (LED), 19 дюймдік жеңіл қоспалы дискілер, KESSY Full кілтсіз кіру жүйесі, 8 динамикалы Bolero аудиожүйесі, электрожетекті панорамалық шатыр, көпфункциялы спорттық 3-спицалы DSG басқаруымен және жылыту функциясымен былғары рөл, круиз-контроль мен жылдамдық шектеушісі, Climatronic климат-контролі, Driving Mode Selection қозғалыс режимін таңдау жүйесі, Light Assistant жарық көмекшісі, ішкі атмосфералық жарықтандыру, былғары орындықтар, электрожетекті жүксалғыш қақпағы мен виртуалды педаль, алдыңғы орындықтардың электрожетекгі мен жады, смартфонға арналған сымсыз қуаттау жүйесі, Area View айналмалы шолу жүйесі, Smart Link жүйесі және автоматты тұрақ жүйесімен жабдықталған. 

Фото: Škoda Qazaqstan

Қазақстанда толық жетекті Karoq кроссоверінің бастапқы бағасы – 18 890 000 теңгеден басталады.

Škoda Karoq моделіне Қазақстанда жүрілген жолына қарамастан 2 жылдық зауыттық кепілдік беріледі, ал үшінші жылы жалпы жүрілген жол 100 000 км-ге дейін шектеледі. Karoq және брендтің Қазақстандағы басқа модельдері туралы толық ақпаратты Škoda ресми дилерлік орталықтарынан, сондай-ақ Дистрибьютордың ресми сайтынан ала аласыз.

Талқылау