Škoda Қазақстанда Škoda Kodiaq-тың жаңа буынының кроссоверін ұсынды
Қазақстанда 2.0 төрт цилиндрлі TSI бензин турбоқозғалтқышы, 190 ат күшіне тең қуаты және роботтандырылған жеті сатылы DSG қорабы бар Skoda Kodiaq-тың екі жинағы ұсынылды.
Фото: Škoda
Қазақстан Республикасындағы Škoda маркасының ресми дистрибьюторы, "Allur" қазақстандық автокөлік компаниясының құрамына кіретін "Прага Авто" компаниясы Škoda Kodiaq-тың жаңа буыны саналатын кроссовер сатылымы басталғанын хабарлайды.
Škoda Kodiaq NG – бұл стиль мен заманауи технологияны үйлестіре білген, жаңа буынның ыңғайлы әрі үлкен кроссовері. Бұл – кең, еуропалық жайлылықты, сенімді бағалайтындарға арналған автокөлік.
Фото: Škoda
2.0 TSI қозғалтқышы бар Kodiaq жеті сатылы DSG роботтық қорабымен жабдықталған. Оның негізгі артықшылығы – жанармайды аз жұмсай отырып, берілісін жылдам әрі тегіс ауыстыра алатынында. Көрсеткішке сәйкес, көлік 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 7,9 секундта жетеді.
Škoda Kodiaq-тың төрт цилиндрлі бензин турбоқозғалтқышы 190 ат күшіне тең қуатымен және 1400-ден 4100 айн/мин аралығында 320 Нм максималды айналу моментімен ерекшеленеді. Жаңа Kodiaq толық жетек жүйесі мен 20 см-ге жуық жол саңыласының арқасында қала ішінде, алыс жолдарда болатын кез келген тосын жағдайдарға дайын. Оған қоса мұның бәріне жанармай да көп кетпейді, тас жолда – 100 шақырымға небәрі 7,3 литр.
Фото: Škoda
Автокөліктің ұзындығы – 4758 миллиметр, жалпы ені – 1 864 миллиметр, биіктігі – 1 659 миллиметр. Бұл сипаттамасы барлық қатардағы автокөлік жүргізушісі мен жолаушыларға кең орын береді. Жүк бөлігінің көлемі - 820 литр, ал екінші қатардағы орындықтарды жинаса – 2105 литр. Доңғалақтың базасы – 2791 миллиметр.
Жаңа буынның Kodiaq-ын айрықша дизайнынан оңай тануға болады. Жаңартылған Škoda логотипі мен алтыбұрышты радиатор торы орнатылған мүсін тәрізді капот 14 жарық элементімен толықтырылған. Олар жаңа матрицалық шамдардың күндізгі жарық шамдарымен ұласып, жарық жолағын түзеді. Мұның бәрі бірігіп, бірегей композиция құрады және көлік жүргізу қауіпсіздігін арттырады.
Фото: Škoda
Kodiaq қауіпсіздік бойынша жоғары рейтингке ие болды. Euro NCAP ұйымы бұл үлгіге жолаушылардың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ететіні үшін “5 жұлдыз” деген ең жоғары бағаны берді. Автокөлікте жүргізуші мен жолаушы жарақат алып қалмас үшін 9 қауіпсіздік жастығы, үш нүктелі автоматты қауіпсіздік белдіктері мен бас тіреуіштері сияқты жан-жақты қауіпсіздік жүйесі қамтамасыз етілген. Сонымен қатар шанақ құрылымы берік болаттан жасалған, соның арқасында көлікті жолда да, жол жоқ жерлерде қауіпсіз басқаруға мүмкіндік бар.
Фото: Škoda
Қазақстанда Škoda Kodiaq-тың екі жинағы ұсынылды: Selection және Sportline. Техникалық тұрғыдан олар бірдей, бірақ біраз айырмашылығы бар. Екі комплектацияның да матрицалық шамдары (LED), 19 дюйм болатын жеңіл қорытпалы дискілер, KESSY Full кілтсіз кіру жүйесі, 13 динамика мен сабвуфері бар Canton акустикалық жүйесі, электрлі панорама төбесі басқару жүйесімен, жылытқышы және DSG қорабын басқаруға арналған көпфункционалды 3-сәулелі былғары спорттық руль, жылдамдыққа байланысты руль күшейткішін реттеу жүйесі, Climatronic климат-бақылау жүйесі, Light Assistant жарық көмекші жүйесі, "виртуалды басқышы" бар жүксалғыштың электр жетегі, смартфонды қуаттайтын 2 сымсыз құрылғысы, Smart Link жүйесі және проекциялық дисплей бар.
Фото: Škoda
Sportline комплектациясында салон бес адамға арналған, спорттық орындықтары күдері және былғарыдан жасалған, алдыңғы акустикалық әйнектері қараңғыланған. Ал Selection-ның салоны былғарыдан жасалған, оған AGR сертификатына ие, желдеткіші мен массаж жасайтын қызметі бар орындықтар орнатылған. Бұл автокөліктің 7 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндігі бар.
Фото: Škoda
Қазақстанда Škoda Kodiaq бағасы 22 990 000 теңгеден басталады.
Қазақстанда Škoda Kodiaq-қа жүрген жолына қарамастан шектеусіз 2 жылға, а үшінші жылы 100 000 шақырымға дейін жүрген жолына кепілдік беріледі. Kodiaq және қазақстандық бренд желісінің басқа үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағындағы Skoda-ның ресми дилер орталықтарынан, Дистрибьютордың ресми сайтынан алуға болады.