Škoda Қазақстанда Škoda Kamiq шағын қалалық кроссоверін ұсынды
Қазақстандағы Škoda ресми дистрибьюторы, еліміздегі Allur автокөлік компаниясының құрамына кіретін Prague Auto компаниясы Škoda kamiq субкомпактілі кроссоверіне сатылымның басталғанын хабарлады.
Фото: Skoda Qazaqstan
Škoda Kamiq – Чех автомобиль өндірушілері ұсынған үшінші кроссовер. Бұл көлік қалалық шағын кроссоверлер нарығына Škoda стилін, инновациясы мен құндылығын ұсынады. Оның өлшемі, үнемділігі мен функционалдығы қаладағы қарбаласты белсенді өмір салтымен байланыстыратындар үшін тамаша таңдау. Kamiq эргономика мен брендтің ең жоғары деңгейін сақтай отырып, жаңа дизайн элементтері мен заманауи технологиялардың көбін біріктіре алған.
Фото: Skoda Qazaqstan
Kamiq өлшемі жағынан Škoda желісіндегі алдыңғы екі өнімге қарағанда едәуір шағын жасалған. Соған қарамастан ол тәжірибеге өте ыңғайлы. Škoda-ға тән стильде жасалған Kamiq сонымен қатар сыйымдылығы жағынан шағын қалалық кроссовер сегментіндегі эталон. Автокөліктің керемет динамикасын 7 сатылы DSG-мен үйлесімді жұмыс істейтін және 116 лс. максималды қуат беретін 999 см³ сенімді турбо зарядталған бензин қозғалтқышы (1.0 TSI) қамтамасыз етеді.
Фото: Skoda Qazaqstan
Қазақстанда модель Essence, Selection және Monte Carlo үш жиынтығында ұсынылды. Бастапқы құны – 12 990 000 теңге.
Essence жиынтығында көпфункциялы былғары рөл, 17 дюймдік жеңіл жүретін дөңгелектер, Jumbo Box алдыңғы орталық шынтақ қойғыш орын, сандық дисплей, жылытылатын алдыңғы орындықтар, жарықдиодты фаралар (LED), қалпына келтіруді бастау жүйесі, SmartLink жүйесі бар.
Фото: Skoda Qazaqstan
Selection жиынтығына KESSY орталық құлпы, автоматты беріліс қорабы мен жылытуды басқаратын көп функциялы былғары рөл, Driving Mode Selection қозғалыс режимін таңдау жүйесі, Front Assist қашықтықты басқару жүйесі, алдыңғы және артқы тұрақ датчиктері, артқы көрініс камерасы және панорамалық шатыр кіреді. Ал топ жиынтық Monte Carlo-да осы ерекшеліктерге "Monte Carlo" сәндік элементтері, алдыңғы спорттық орындықтар мен интерьердің атмосфералық жарықдиодты шамдары қосылады.
Фото: Skoda Qazaqstan
Қазақстандағы Škoda Kamiq 5 жылға немесе 150 000 км жүріп өтуге зауыттық кепілдікке ие. Kamiq және брендтің қазақстандық желісінің қалған үлгілері туралы толығырақ ақпаратты ел аумағындағы Škoda ресми дилерлік орталықтарынан, сондай-ақ дистрибьютордың ресми сайтынан білуге болады.