Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы өмірден өтті
Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: марқұмның жеке парақшасынан алынды
Суық хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәлім етті.
“Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Қазақта "аталатсаң да, боталатпа" дейді. Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне құран бағыштадық деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!", – деді журналист.
-
"Жаназасын үйімнен шығарғым келді": Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды
-
"Әлі күнге дейін әкелерін іздейді": Марқұм Арман Дүйсеновтің жары халыққа үндеу жолдады
Айта кетейік, аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", – деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
@laila_sultankyzy Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады(
♬ оригинальный звук - Laila Sultankyzy