Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі: Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтықтан болып жатқан нәрсе

Қазіргі уақытта сахна төрінде шырқалып жүрген әндердің барлығы көпіліктің көңілінен шығып жатпағаны анық. Тіпті өнерде жүрген әнші, сазгерлердің де барлың әнге көзқарасы түзу емес. Оған әндердің сөзі де сазы да жеңіл-желпі болғаны себеп болса керек.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әнші, сазгер, продюсер Ұлықпан Жолдасов бүгінде көрермен жылаңқы, баяу әндерден әбден қажыған дейді.

«Өкінішті, бірақ, халық енді жылап болдық қой, көңілденейік деп жатқан шығар. Ол жағы да бар шығар», – дейді продюсер Ұлықпан Жолдасов.

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі жеңіл-желпі әндердің оңды-солды шырқалып жатқанына қарсы. Оның сөзінше, сахнада айтылатын әндерді сұрыптайтын арнайы мекеме қажет.

«Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқтықтан болып жатқан нәрсе», – дейді композитор Қалдыбек Құрманәлі.

Дегенмен, әнші қауымы қандай ән айтса да, өз еркі. Тек тыңдайтын құлақ болса болғаны.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы түсірген фильмін сынағандар жайында: Бұл күйе жағу үшін біреудің берген тапсырысы

Баян Есентаева өмірін өзгерткен оқиғаға қатысты: Бұл құдайдың істеп жүргеніңді тоқтат деп жіберген ескертуі секілді

Мақпал Жүнісованің 20 жасындағы сұлулығын көрген жұрт қайран қалды (фото)

Қазақ әншісі: Аңдығаны қыз, ішкені арақ, сөйте тұра “Ұлтымыз азып барады” деп сұхбат береді

Талқылау