Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясаткер Жасарал Қуанышәлин күзде өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін айтты

Қазақстандық белгілі саясаткер, журналист әрі қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин ағымдағы жылдың күзінде мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ол Facebook парақшасында жазды.

Жасарал К

"Кезектен тыс президенттік сайлау өтетін күн келесі аптада белгілі болуына байланысты, мен президенттік сайлауға қатысу ниетімді мәлімдеймін", – делінген 16 қыркүйекте жарияланған жазбада.

Саясаткер президенттіке кандидатты республика бойынша кемінде 9 филиалы бар республикалық қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алатынын еске салып, осындай ұйымдардың басшылығына өз кандидатурасын ұсыну мәселесін талқылау үшін хабарласуды өтінген.



Айта кетейік, Жасарал Қуанышәлин белгілі оппозиция өкілі, қоғам және мемлекет қайраткері. Қазіргі уақытта қаңтар оқиғасын зерттейтін “Қаңтар қырғыны” қоғамдық зерттеу орталығының басшысы.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында оның бірінші бес жылдық мерзімі тек 2024 жылы ғана бітетініне қарамастан, мерзімінен бұрын президент сайлауын биыл күзде өткізуді ұсынған.

5 қыркүйек күні Алматыда оппозициялық күштердің өкілдері бас қосып, елімізде күзде өтетін кезектен тыс сайлауға катысты үндеуін жасаған. Қоғам белсенділері, журналистер мен саясаткерлер қатысқан жиында оппозиция арасынан ортақ кандидат таңдауға тырысты. Алайда әлі күнге дейін бірде бір кандидат ұсынылмады. Жиынға қатысушылардың көпшілігі журналист, “Дат” газетінің редакторы Ермұрат Бапиды сайлауға қатысуға лайықты азамат ретінде көретіндерін айтқан.

Талқылау