Саясат Нұрбек шорты кигені үшін оқу орнына кіре алмаған студентке байланысты пікір білдірді
Фото: Видео кадрларынан скрин
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Оңтүстік Қазақстан университетіне шорты кигені үшін кіре алмаған қыздың жағдайына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл оқиға туралы Threads желісінде студенттер талқылай бастады. Қыздың айтуынша, қасындағы құрбысын шорты киіп келгені үшін күзетшілер деканатқа өткізбеген.
“Қатты таңғалып отырмын. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне деканатқа печать қойдыру үшін келгенбіз. Жанымдағы қызды өткізбеді. Күзетшілер “Университеттің заңы солай, сен бұлай кірсең, біз қараймыз” дейді. Күзетші ағайдың өзі солай айтып тұр. Бұл жоғары оқу орны, ешкім ашық-шашық киініп тұрған жоқ, бәрі жинақы. Соның өзінде осылай айтып тұр. Таңданып тұрмын. Жалпы мұндай заң бар ма?” – деді бойжеткен.
Бұл сауалға министр Саясат Нұрбек былай жауап берді:
"Шынымен де киімге қатысты жеке талаптар жоқ. Мұнда орта білімнен өзгеше. Униформа немесе киім элементтеріне қойылатын талаптар жоқ. Қазір біз бір жағынан күзетшінің сыртқы түрге қатысты түсініксіз әрекеттерін қарастырамыз. Университетте сыртқы түрге қойылатын талаптар бар ма, соны да анықтаймыз", – деді ол.
-
Бетті тұмшалауға тыйым: Министрлік қандай киімдерге рұқсат етілмейтінін түсіндірді
-
12 шілдеден бастап бетті жауып тұратын киім киюге болмайды: Полиция ескерту жасады
Министрдің айтуынша, жоғары білім жүйесі ашық әрі демократиялық.
"Өзім де Америкада оқығанда шорты киіп жүрдім, мұны жасыратын ештеңе жоқ. Америкадан келген соң Евразиялық университетте де шортымен жүрдім. Бәрі "қараңыздар, америкалық келді" деп жүгіріп жүрді. Сондықтан біз қатаң талаптар қоймаймыз", – деп баса айтты ол.
Сонымен бірге министрдің айтуынша, университет қоғамдық орын болғандықтан, оқу орындары өздерінің ішкі стандарттары мен киім кодексін белгілей алады.

"12 сағат сусыз және тамақсыз": Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмілетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
