Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сая Оразғалиева: Біз үйлену тойын жасамаймыз

Сая Оразғалиева жақында қалыңдық атанды. Актриса көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, той мәселесі жайлы айтып өтты. Айтуынша, карантин талаптарына байланысты үлкен той өтпейтін болды. 

Бұл туралы актриса Instagram парақшасында жариялады. 

"Бізде ауқымды үйлену тойы болмайды. Некемізді қиямыз. Мен орамалда боламын", - деп қысқа жауап берді ол.

Сонымен қатар актриса қысқа шаш үлгісін көрсетіп, олардан ақыл-кеңес сұрады. 

"Мен бетіме күліп, артымнан басқа сөз айтатындарды жек көрем. Уәде беріп, оны орындамайтындарды, әдемі сөздер айтып, жоқ болып кететіндерді, өзін жақсы көретіндер мен асыра сөйлеушілерді, өтірікшілерді жек көрем", - деп жазды Сая желіде. 

Сая Оразғалиеваның бір сұхбатында аралас некеде айып жоқ деген еді. Кино жұлдызы болашақта өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қарсы емес. Саяның айтуынша, екі адам бір-бірін сүйіп әрі түсініп тұрса, оның ұлтының қандай болғаны маңызды емес. Алайда актрисаның таңдауы қазақ жігітіне түсті. 

Бұған дейін Сая Оразғалиеваға сүйіктісі ұсыныс жасап, оң жауабын алған еді.

 "Сая жақсы қыз бақытты болсын", "Қазақтарға тізе бүккен жараспайды", "Тізерлеген жігітке шығу да қорқынышты", "Біреудің отбасын бұзбаған болса болды, бақытты болсын", "Осы жігітке тастай батып судай сің, Алламыз бағынды ашсын", - деп жазды көпшілік. 


Талқылау