Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауранда Ұлы Отан соғысының ардагері "Amanat" партиясын қолдайды

"AMANAT" партиясынан ұсынылған үміткер И.Намуратов "Есіктен – есікке" акциясын өткізді.

Акцияда Ескі Иқан ауылында орналасқан үйлерді аралап, тұрғындармен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Акция барысында Ұлы Отан соғысының ардагері, бір ғасыр жасаған Закир Мусаев атамыздың шаңырағында болып, пікір алмасты. Ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысының батыры "AMANAT" партиясын қолдайтынын айтып, ақ батасын берді.

Атамыздың батасы қабыл болсын! Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Талқылау