Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саунадағы атышулы видео: «Жемқорлықпен күресуші» жұрттан кешірім сұрады

Таяуда әлеуметтік желілерде саунада түсірілген видео жарияланып, арты шуға ұласқан, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

 

Енді басты кейіпкерлердің бірі кешірім сұрап, видео жариялады.

«Армысыздар, мен Қазақстан Республикасының азаматымын. Менің аты-жөнім – Магомедов Эрик Магомедұлы. Ақтауда тұрамын. «МАЭК-Қазатомөнеркәсі» ЖШС-да жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде мен және менің таныстарым моншада жүрген видео таралып жатыр.

Достарымның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында қызмет етпейтінін айтқым келеді. Видеода танысым маған жеке компанияның жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметкердің куәлігін табыстаған, бұл компанияның құқық қорғау органдарына еш қатысы жоқ. Бұл видео менің келісімімсіз жарияланды және жеке мүлік болып табылады.

Осы видеоны жаза отырып, қоғамға, туыстарыма моншадағы оқиғаның сөзден жаңылысқан жағдай болғанын түсіндіргім келеді. Осы әрекетіммен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының абыройына нұқсан келтірген болсам, кешірім сұраймын», – деді ол.

Еске салайық, мұның алдында әлеуметтік желілерде ер адамдардың саунада отырып, өздерін «жемқорлықпен күресуші» деп атағаны түсірілген видео тараған еді. Олардың біріне қызыл куәлік табыс етіледі.

«Бауырлар, саламалейкум. Бүгін Ақтау қалалық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке жаңа қызметкерді қабылдап жатырмыз.

Ерік, біздің қатарға қосылып жатырсың. Енді жемқорлықпен күресеміз. Бүгін біз Ақтауда оның келіп жатқанын атап өтеміз. Алғашқы парамен құттықтаймыз», – дейді жартылай жалаңаш ер адам видеода.

Осыдан кейін ол айғайлап күліп, екіншісіне қызыл куәлік тапсырады. Ал кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері атышулы видеожазбаға қатысты пікір білдірген болатын.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да ер адам жанып жатқан үйге құжаттарын алуға кіріп, күйіп қалды

700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ

Алматыда букмекерлік кеңсе ұтыс ұтқан клиентіне 62 млн теңге төлейтін болды

Павлодарда мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып қойған

Талқылау