Шаяндар айдың басын мінсіз тәртіп орнатуға деген ниетпен бастайды. Жұмыстағы есептерден бастап асүй сөрелеріне дейін ретке келтіруді қолға алады. Мұны алғашқы аптада жасап үлгерсеңіз, тынысыңыз кеңейіп, жеңілдеп қаласыз. Сәуірдің екінші жартысында мансабыңызда көтеріліп, жақсы жаңалық естуіңіз ықтимал. Жұмысыңызды басшылыққа көрсетуден тартынбаңыз, осы кезеңде басшылық еңбегіңізді байқап, бағалайды. Ай соңында достарыңызбен отырыс жасап, кешкі асқа уақыт бөліңіз. Осылайша жұмысыңызды да уақытша ұмытасыз.
Айыңыз оңынан туып, ренжіскен адамдармен татуласады: Сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

2026 жылдың наурыз – дайындық пен тазалық айы болса, сәуір – әрекет жасайтын кезең. Қазақстандық астролог Сабина Сабденова бұл ай екі кезеңге бөлінеді дейді. Сәуірдің ортасына дейін адамдар қандай- да бір жеңілдікті, босаңдықты сезеді: істер баяу жүруі мүмкін, ойлар да шашыраңқы болады. Бұл – асықпай қадам жасап, бұрыннан қалған істерді аяқтауға қолайлы уақыт. Ал 14 сәуірден кейін жаңа қуат алғандай боламыз. Энергиямыз тасып, күш-жігеріміз артады. Бұл үлкен жоспарларды іске асыруға тамаша кезең. Мысалы, үй жөндеу немесе мамандықты өзгертуге де қолайлы уақыт. Stan.kz cәуір айына арналған жұлдыз жорамалды ұсынады.
Тоқты
Тоқтыларға айдың ортасына дейін күш-қуатын бос нәрселерге және ұсақ келіспеушіліктерге жұмсамауға тырысу керек. Барлығы 14-інен кейін басталады: өзіңізге деген сеніміңіз артып, тау қопаратындай күйге жетесіз. Бұл – амбицияңызды ашық көрсетуге, имиджіңізді өзгертуге немесе үлкен жобаны бастауға ең қолайлы кезең. Ал ай соңында табысқа кенеліп, сыйлықтар алуыңыз ықтимал. Бұл сіздің батылдығыңыз үшін берілген шағын марапат болмақ.
Торпақ
Торпақтар айдың басында көптің назарына түспей, тасада жүргісі келеді. Өзіңізді күштеп, белсенді болуға мәжбүрлемеңіз. Дәл қазір бұрыннан аяқталмай тұрған істерді аяқтағаныңыз абзал. Ал 19 сәуірден кейін сіз айналаңызды өзіңізге тартатын “магнитке” айналасыз. Гардеробыңызды жаңартып, стилистке барып немесе өзіңізді қуантатын дүниелерді сатып алуға қолайлы уақыт. Айдың соңында үйіңізде көптен күткен тыныштық пен жайлылық орнайды.
Егіздер
Егіздерде айдың бірінші жартысында жаңалықтар мен қоңырауларға байланысты түсінбеушілік тууы мүмкін: кездесулер уақытын нақтылап, естігеннің бәріне бірдей сене бермеңіз. Сәуірдің 14-інен кейінгі уақыт достармен кездесуге және ниеттес адамдар табуға тамаша кезең болмақ. Егер бұрын айтуға қорқып жүрген идеяңыз болса – айдың соңында жасырмай, ойыңызды ашық айтыңз. Сізге міндетті түрде құлақ түреді. Ең бастысы — асықпаңыз, сіуәрдің 30-ына қарай бәрі орнымен реттеледі.
Шаян
Арыстан
Сәуірде арыстандарға өзгеріс керек болады: мүмкін демалысқа шығып немесе жаңа курсқа жазылуы ықтимал. Айдың ортасына дейін бұл жай ғана ой болып қалуы мүмкін, бірақ 14 сәуірден кейін әрекетке көшкеніңіз дұрыс. Егер сапар немесе маңызды оқуыңыз болса дәл қазір бронь жасап, сатып алған дұрыс. Айыңыз оңынан тумақ. Ал айдың екінші жартысы бұрынғы беделіңізді қайтарып, отбасы ішіндегі маңызды мәселелерде сіздің сөзіңіз шешуші болмақ.
Бикеш
Сәуір бикештер үшін өте белсенді болады: көптің назарында, бәріне керек тұлғаға айналасыз. Алғашқы онкүндікте өзгенің міндетін мойныңызға алмауға тырысыңыз. Айдың екінші жартысында отбасы бюджетіне және ірі шығындарға мұқият болу қажет. Бірақ сәуірдің соңында “екінші тынысыңыз” ашылып, романтикаға, сапарларға және жаңа әсерлерге деген құлшыныс пайда болады. Өзіңізді шектемеңіз!
Таразы
Бұл ай таразылар үшін айналасындағы адамдармен байланысты болады. Сәуірдің басында жұмыстағы және жеке өміріңіздегі серіктестеріңіз тым белсенді болуы мүмкін. Сондықтан жағдайға қарай икемделгеніңіз дұрыс. Сәуірдің 20-сына қарай қарым-қатынаста көптен күткен тыныштық пен үйлесім орнайды. Егер біреумен ренжісіп жүрген болсаңыз, сәуірдің соңы – бір кесе шай үстінде татуласуға ең қолайлы уақыт. Жұмыста батыл, табанды болуға тырысыңыз.
Сарышаян
Айдың басында тұрмыстағы күнделікті шаруалар көбейіп, сарышаяндарды біраз шаршатуы мүмкін. Атап айтқанда, ұсақ-түйек жұмыстар, денсаулыққа көңіл бөлу немесе үй шаруасы. Бірақ бұл уақытша ғана. 14 сәуірден кейін күш-қуатыңыз артып, жұмыстағы кез келген қиындықты оңай еңсересіз. Айдың соңында қарым-қатынаста жылылық орнайды, сарышаяндар жұмсара түседі. Ал айналаңыздағы адамдар соған сай жауап береді. Жақын әңгімелер мен татуласу үшін тамаша кезең.
Мерген
Сәуір мергендер үшін қуаныш пен шығармашылыққа толы ай болады. Айдың бірінші жартысында үй жайлылығына көңіл бөліп, пәтерде бір нәрсені өзгертуге ниеттенесіз. Ал ай ортасынан кейін нағыз мерекелік кезең басталады: кездесулер, отырыстар, белсенді түрде спортпен айналысасыз. Мұның бәрі сізге қуаныш сыйлайды. Егер бұрын тастап кеткен хоббиіңіз болса, қазір қайта қолға алыңыз. Өйткені ол тек қуантып қана қана қоймай, пайдасын да тигізуі мүмкін.
Тауешкі
Ай басында тауешкілер достармен немесе ескі жоспарлармен байланысты маңызды мәселелерді шешуге қолға алады. 14 сәуірден кейін барлық күш-жігеріңізді үйге және отбасыға бағыттайды. Жөндеу жұмыстары, жиһаз сатып алу немесе үлкен отбасылық жиындар сәтті өтеді. Ай соңында жағымды шығармашылық жаңалықтар болуы ықтимал. Жұлдыздар тауешкілерге аздап демалуға кеңес береді.
Суқұйғыш
Сәуірде суқұйғыштарды көп шаруа күтіп тұр. Ай басында физикалық белсенділігіңізді арттырасыз: спортзалға барып, серуен құрып, тамаша уақыт өткізесіз. Айдың екінші жартысында көптеген таныстықтар мен іскерлік сапарлар болуы мүмкін. Сәуір соңында үйіңізде өзіңізге жайлы атмосфера жасауға құлшынасыз. Жақын туыстарыңыздан жағымды жаңалықпен сүйіншілейді.
Балықтар
Айдың басында ерекше батыл әрі табандылық танытасыз. Тек 10 сәуірге дейін әр айтқан сөзіңізге мән беріңіз. Ойда жоқта жақындарыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. 14 сәуірден кейін қаржылық жағдайыңызға көңіл бөлесіз: қосымша табыс табу немесе тиімді инвестиция жасау мүмкіндіктері пайда болады. Ай соңында жағымды сапарлар мен таныстықтар боуы ықтимал.
Сабина Сабденова сәуір айында табысқа жетудің құпиясын айтты.
14 сәуірге дейін: “Ақырын жүріп, анық бас”
Асықпаңыз. Егер ісіңіз оңға баспаса, бірнеше күнге кейінге қалдырыңыз. Қазір жаңа бастамалардан гөрі, бар нәрсені аяқтау тиімді.
14 сәуірден кейін: Өзіңізді көрсететін уақыт
Егер жаңа істі немесе маңызды әңгімені бастағалы жүрсеңіз – осы кез ең қолайлы уақыт. Күн энергиясы биікте, сол драйвты барынша пайдаланыңыз.
Ақша мәселесі:
Айдың екінші жартысы сұлулық пен жайлылыққа инвестиция жасауға өте қолайлы. Өміріңізді ыңғайлы әрі әдемі ететін нәрсеге салынған қаражат тез әрі жақсы көңіл-күймен, жаңа энергиямен қайта оралады.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды