Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саудиялық клубтар Винисиус Жуниорға рекордтық ұсыныс жасамақ

Сауд Арабияға ауысуы мүмкінФото: globallookpress.com

Сауд Арабиясының футбол клубтары мадридтік "Реалдың" бразилиялық шабуылшысы Винисиус Жуниорды өз қатарларына қосуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Британдық TalkSport басылымының мәліметінше, Сауд лигасындағы "Аль-Ахли" клубы ойыншы үшін 350 миллион еуро (шамамен 177 млрд теңге) көлемінде трансферлік ұсыныс дайындап жатыр. Бұл футбол тарихындағы ең қымбат келісім болуы мүмкін. Сонымен қатар, Винисиусқа 5 жылдық келісімшарт аясында 1 миллиард еуроға дейін (шамамен 508 млрд теңге) табыс табу ұсынылуы мүмкін.

Айта кетейік, Винисиустың "Реалмен" қазіргі келісімі 2027 жылдың маусымына дейін жарамды. Алайда шабуылшы клубпен жаңа келісімге қол қойған жоқ. Бұл жағдай саудиялық клубтардың қызығушылығын арттыра түсті.

Еске салайық, 2024/25 жылғы маусымда Винисиус Жуниор барлық турнирлерде 58 матч өткізіп, 22 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 170 миллион еуроға (шамамен 86 млрд теңге) бағалап отыр.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 18 Шілде, 2025 15:21
Талқылау