Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда орталығының мүлкін қиратып, өртеп жіберген қазақстандық 8 жылға сотталды

Фото: Midjourney

Қазақстандық ер адам ашуға булықығып ойын-сауық орталығын бұзып, өртеп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот Жаркенттің 25 жастағы тұрғынына ойын-сауық орталығын өртеді деген айып тағып, үкім шығарды.

Тергеушілердің айтуынша, сотталушы кешке мекеменің операторымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жагжал туындап, ер адам кешеннің мүлкін қасақана қиратып, жабдықтарды, жиһаздарды және әйнекті сындыра бастаған. Сосын ол ғимаратты өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен.


Тимур мен Динара Құлыбаевтар Алматыдағы "Car City" сауда орталығынан миллиондаған дивиденд алады


Шымкентте сауда орталығындағы өрт кезінде ер адам терезеден шығып кеткен (видео)


Ғимарат пен жабдықтардың айтарлықтай бөлігі өртеніп кеткен. Келтірілген залал 81 миллион теңгеден асты.

“Істің мән-жайын қарастырған соң сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны түзеу мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ ол өтемақы төлеуге міндеттелді”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте сауда орталығының маңында жасөспірімдерге оқ ату оқиғасы бойынша дау туындағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 13:58