Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда Арабиясы Парсы шығанағы елдеріне жасалған шабуыл үшін Иранға жауап беретінін ескертті

Сауд Арабиясының билігі Иранға елдің энергетика секторына жасалған шабуылдар жалғасатын болса, корольдік АҚШ әскери күштеріне өз базаларын пайдалануға рұқсат беріп, жауап шараларын қабылдауы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, осы апта басында Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан Әл Сауд ирандық әріптесі Аббас Аракчимен кездесу өткізіп, соққыларға қатысты Эр-Риядтың ұстанымын білдірген. Министр Сауд Арабиясы Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырмау үшін кез келген делдалдық түріне ашық екенін атап өтті.

Ирандық екі дереккөз агенттікке Сауд Арабиясы мен Тегеран телефон арқылы сөйлескенін растады. Әңгіме барысында Эр-Рияд Тегеранды Сауд Арабиясына және Парсы шығанағындағы көршілес мемлекеттерге жасалатын шабуылдарды тоқтату қажеттігі туралы ескерткен.

Агенттіктің дерегінше, Иран соққылар Парсы шығанағы елдерінің өзіне емес, олардың аумағындағы америкалық әскери базаларға бағытталғанын айтып, өз ұстанымын растады.

"Жауап ретінде Тегеран аймақтағы америкалық базаларды жабуды және Парсы шығанағындағы кейбір мемлекеттердің Вашингтонға барлау ақпаратын беруді тоқтатуды талап етті. Иранның пікірінше, бұл ақпарат оған қарсы шабуылдарды жүзеге асыру үшін пайдаланылып жатыр", – деп жазды басылым.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы жасай бастады. Қираулар мен бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны туралы хабарлануда. Иран бұған жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасауда.

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Наурыз, 2026 09:40