Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясы әскерлеріне ораза ұстамауға рұқсат етілді

Сауд Арабиясының жоғарғы мүфтиі шейх Абдул Азиз Аль Шейх Йемен шекарасында қызмет етіп жатқан сауд әскерлеріне Рамазан айында ораза ұстамауға ресми түрде рұқсат берді.

0__18342792_303_00_650x410

Сурет: www.rbc.ua 

«Мүмкіндігі бар адам ғана ораза ұстауы керек. Ал, оған шамасы келмейтіндер ұстауға міндетті емес. Сіздер шекараны күзетіп жатырсыздар. Дұшпанға қарсы тұрып, бұйрық орындап жатырсыздар. Сондықтан тамақтанғыларыңыз келген кезде тамақтануларыңыз керек. Оразаны Рамазаннан кейін де ұстауға болады», – делінген мүфтидің мәлімдемесінде.

Ел мүфтиі сондай-ақ, денсаулығы жарайтын кез келген мұсылманның жер бетінің қай жерінде болмасын ораза ұстауға міндетті екенін айтып өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай билігі елдегі коммунистердің ораза ұстауына тыйым салды

Талқылау