Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабияда науқастарды жасанды интеллект емдейтін әлемдегі алғашқы клиника ашылды

Фото: freepik.com

Сауд Арабияда қытайлық Synyi Аi компаниясының жасанды интеллект (AI) жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы клиника ашылды. Мұнда науқастарға жасанды интеллектің өзі тексеріп, дәрі-дәрмек пен ем шарасын жазып береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Науқастарды Dr. Hua есімді жасанды инттелектті дәрігер қабылдайды. Ол планшет арқылы шағымдарды жинап, медициналық көрсеткіштерді талдайды және емдеу жоспарын шығарады. Содан кейін оны дәрігер адам тексереді. Сонымен қатар, төтенше қиын жағдайлар болса адам араласады.

"Бұл Жасанды инттелектке науқастарды тікелей диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін соңғы қадам. Тестілеудің алдыңғы кезеңінде AI қателіктерінің деңгейі 0,3 пайыздан аз болды", - дейді Synyi AI бас директоры Чжан Шаодян.



Әзірге Dr. Hua 30 респираторлық аурумен жұмыс істейді. Бірақ 50 диагнозға дейін кеңейту және жаңа клиникалар ашу жоспарланып отыр.

Бірнеше ондаған пациенттер бұл қызметті тегін пайдаланды. Сынақтар аяқталғаннан кейін диагностикалық деректер Сауд Арабиясы билігіне мақұлдау үшін жіберіледі. Рұқсат 18 ай ішінде берілуі мүмкін.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 17 Мамыр, 2025 08:39
Талқылау