Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салуға кем дегенде 14 миллиард доллар жұмсалмақ
Фото: Pixabay.com
АЭС салу үшін Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыру ұсынады. Атомдық энергия жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салуға қанша қаражат жұмасалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, жобаның нақты құны техникалық-экономикалық негіздемеге қарап анықталады.
“Яғни, қазір бізде конкурсқа қатысушы вендорлар ұсынған индикативті параметрлер бар. Алайда оларды қазір жариялай алмаймыз, себебі бұл мәліметтер процеске қатысушылар жасаған құпиялылық туралы келісіммен қорғалған. Дегенмен әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станцияның құны кемінде шамамен 14 миллиард долларға шығады", – дедіи Алмасадам Сәтқалиев.
Сондай-ақ ол АЭС құрылысының 7 жылға дейін созылуы мүмкін екенін атап өтті.
“Конкурс шарттарына сәйкес белгіленген индикативті мерзім бұл – құрылыс басталған сәттен бастап 7 жыл", – деді ол.
Қазақстан алғашқы АЭС салу бойынша Ресеймен үкіметаралық келісімді 2025 жылдың соңына дейін жасасуды жоспарлап отыр.
"Біз өзіміз үшін қарқынды мерзімдерді белгілеп отырмыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл келісімге қол қою мақсат етіп отырмыз”, – деді Сатқалиев.
Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу жобасы аясында Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық несие беретінін жазған едік.
Еске салсақ, бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстанда бірінші Атом электр станциясын “Росатом” салатынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ Қазақстанда екінші АЭС-ті қытайлық компания салатыны белгілі болды.

"5 балам бар": Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты сотта айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады
