Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Сатиралық парақшаның авторы Темірлан Еңсебек Qaznews24 жобасынан кетті

Фото: іnstagram.com/qaznews24

Темірлан Еңсебек Qaznews24 жобасынан ресми түрде кетті. Ақпарат Qaznews24 парақшасында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Темірлан жобадан кететін сәт келді. Ол енді редакциялық жұмысқа қатыспайды, аккаунттарға кіре алмайды, шешім шығармайды. Мұндай шешім шығару оңайға соқпады. Бірақ жобаға, оқырманға және өзіне деген құрметпен осындай шешім қабылданды. Темірлан өзі болмаса да жобаның өз жұмысын жалғастырып, дамуы үшін осындай қадамға барды", – делінген хабарламада.

Жоба ұйымдастырушылары Темірланға батылдығы, шындық пен жүріп өткен жолы үшін алғыс білдірді. 

Фото: іnstagram.com/qaznews24

Еске салайық, Qaznews24.kz парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді. Оған Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалған. 

Кейін полиция департаменті Темірлан Еңсебекті “ұлтаралық алауыздықты қоздыратын айқын белгілері бар материалды орналастырғаны” үшін ұстағанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының дерегінше, қазір Еңсебек Instagram парақшасында жариялаған “Йоу, орыстар” әнінің авторы іздестіріліп жатқан көрінеді. 


Прокурор Темірлан Еңсебекті бес жылға соттауды сұрады


"Ештеңе істемесем, нені мойындаймын": Qaznews24.kz парақшасының авторы Темірлан Еңсебек сотта сөз сөйледі


11 сәуір күні Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды.

Сот Темірлан Еңсебектің бас бостандығын бес жыл шектеп, қоғамдық қызметпен айналысуға, оның ішінде журналист ретінде жұмыс істеуге, митингтерге қатысуға, сұхбат беруге тыйым салу туралы үкім шығарды. 

Айым Болатқызы
Жұма, 02 Мамыр, 2025 13:37
Талқылау