Ұлыбританияда Лабубудың бағасы 13 жарымнан 50 фунтқа дейін өсті. Ал сирек кездесетін түрлері онлайн-аукциондарда жүздеген фунтқа сатылып жатыр.
Pop Mart компаниясы Лабубуды дүкен сөрелеріне қайтару үшін сату жүйесін жетілдіруге уәде берді.
Ал әлеуметтік желіде жанкүйерлер бұл ойыншықтардың бөлшек саудадан алынып тасталғанына наразылық білдіріп жатыр.
"Бұған өздеріңіз кінәлісіздер, қуыршақтарды аз-аздан ғана сатасыздар, сондықтан осылай дүрлігеді", “Олар Лабубуды 100 фунтқа қайта сатып жатыр — бұл ақылға қонбайды. Неге олар сатып ала алады да, қарапайым адамдар ала алмайды”, “Делдалдар бәрін бүлдіріп жатыр”, — деп жазды желі қолданушылары.
Лабубу — ерекше монстр-ойыншық, оны Гонконгтық суретші Касинг Лунг ойлап тапқан. Ол Pop Mart ойыншық дүкенімен бірлесіп жұмыс істегеннен кейін, бұл қуыршақ кеңінен тарап, сәнді аксессуарға айналды.