Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтбаев тұрғыны сауда орталығын «жарып жібермек» болды

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында «101» нөміріне қоңырау шалған белгісіз ер адам  «Престиж» сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы айтқан. Шұғыл шешім қабылданып, тәртіп сақшылары сауда үйіндегі адамдармен қатар жақын маңда орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарын да эвакуациялаған.

«Сауда орталығынан – 40, көрші тұрған үйлерден 30 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу жасағының қызметкерлері ғимаратты түгелдей тексеріп шықты. Күдікті зат табылған жоқ. Жалған хабарлама таратқан 34 жастағы жергілікті тұрғын шұғыл түрде анықталып, ұсталды», – деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақтияр Құдияров.

Жалған хабарлама  таратқан ер адам қылмысын мойындады. Одан қоңырау жасалған ұялы телефон алынды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚК 273-бабы («Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабар беру») бойынша жүргізілуде. Күдікті ер адам уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысының ең үздік ұстазы пәтерінен қуылып жатыр

Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Оралда әйел жүріп бара жатқан автобустан түсіп қалып, екі аяғын сындырып алды

Петропавлда 103 жылдық тарихы бар үйдегі 16 отбасы үреймен өмір сүруде

Талқылау