Сәтбаев әкімдігінің қызметкері құмар ойынға 16 миллион теңге бәс тіккені үшін жұмыстан босатылды

Фото: Ru.freepik.com
Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңға сәйкес мемлекеттік қызметкерлер бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға міндетті. Сондай-ақ оларға телекоммуникациялық желілер мен интернет ресурстарда өткізілетін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тыйым салынады.
“Тексеріс кезінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзып келгені анықталды. “1XBET” және “OLIMPBET” букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол букмекерлік кеңселерге шамамен 16 миллион теңге көлемінде ақша аударып, бәс тіккен”, – деп мәлімдеді бас прокуратура.
Заң бұзған мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен