AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарымсақ ұрлағаны үшін басын кесіп, денесін өртеп жіберген: Қостанайда адам өлтірген күзетшілер қатаң жазаға тартылды

Қостанай қаласының мамандандырылған ауданаралық соты сарымсақ ұрлығына байланысты адам өліміне алып келген жаға ұстатарлық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Тоболинфо" сайтына сілтеме жасап.

чеснок 2022

Сот алдында "Краснопартизанское" бау-бақшашылар серіктестігі тұтыну кооперативінің екі күзетшісі – 35 жастағы В. Д. және 36 жастағы А. М. азаматтары жауапты болды.

2021 жылдың 5 қыркүйегінде сол уақытта мас болған күзетшілерге тұрғындардың бірі алты бас сарымсақтың жоғалғанын айтып шағымданады. Ал күдікті – басқа жердің иесі дейді.

Мәселенің ақ -арасын ажырату барысында күзетшілер ұрлық жасады деген күдіктіні өлтіріп қояды. Қылмыстың ізін жасыру үшін күзетшілер марқұмның басын кесіп, өртеп жібереді, ал денесін күзет үйінің аумағына көмеді, алайда екі күннен кейін олар мүрдені қайта қазып алып, Тобылға апарып, қамыс арасына батырып жібереді.



Сот 35 жастағы күзетшіні арты өлімге алып келген денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздік колониясына жазасын өтеу үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырады. 

Сотталушы 1 млн 377 мың 316 теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Азамат В.Д.-ға үкім шығару кезінде сот кінәні толық мойындау және жасаған ісіне өкіну секілді жеңілдетілген жағдайларды ескеріп, екінші сотталушыны екі жылға бас бостандығынан айыру және көлік құралын жүргізуге өмір бойы тыйым салу жазасына кесті. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі ең жоғары колонияда өтейді – бұл оның бұрын сотталғанына байланысты.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр