Қостанай облысының тұрғыны мәйітті екі ай бойы үйінің ауласында жасырып келген
Қостанай облысында ауыл тұрғыны досын өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мәйітті бір ай бойы үйінің ауласында жасырып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Ер адам өзінің досын ішімдік ішіп отырған кезде темір құбырмен ұрған. Ал мәйітін жазғы ас үйде жасырған.
"Тұрғын абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. Жапа шеккен тарапқа, яғни марқұмның әпкесіне моральдық өтемақы төленді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", – деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Зәуре Едикова.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады