Сарапшы: Бішкек Астанаға қарсы ақпараттық соғыс жариялады
Қырғызстандық троллдар әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттар арқылы Қазақстандағы қоғамдық пікірді қалыптастыруға тырысып жатыр.
Atameken Business Channel бақылау кеңесінің төрағасы Қанат Сахариянов осындай пікір білдірді, деп жазады Sputnik.
“Біздің елде Қырғызстанмен ақпараттық соғыс басталды. Қырғызстан тарапынан да, шын мәнінде, кәсіби боттар, проллдар мен фейктер жұмыс істеп жатыр”, — деді Сахариянов.
Сарапшының айтуынша, президент Алмазбек Атамбаевтың “Қазақстанға қарсы” сөзін қолдаған постар лайк пен пікірді өте жылдам жинайды.
Қаната Сахариянов желіде қос елдің қарым-қатынасына қатысты пікір білдіру методикасына талдау жүргізіп көргенін айтады.
“Желі қолданушыларының аккаунтына кіріп, ол кімге, оған кім тіркелгенін, не жазғанын көруге болады. Сонда байқағаным, өздерін Ресей, Украина, Әзербайжан, Қырғызстан, тіпті Араб Әмірліктері мен Иран азаматы етіп көрсетіп, пікір қалдырғандар бар екен. Олар Атамбаевтың сөзін жақтаған. Әрқайсының жалған 20 аккаунты бар. Өкініштісі, олардың сөзіне иланып қалып жатқандар бар”, — деп түйіндеді ол.
Тағы да оқыңыз:
Латын әліпбиінде апострофтар қайта өзгеруі мүмкін
Қызық екен: “Нысана” актері Дәнекер киелі құсты білмей ұятқа қалды