AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар алдағы уақытта Қазақстанда азық-түлік бағасы тағы қымбаттайтынын айтты

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағы да қымбаттады. Жарты ай бұрын ғана 18 пайызға көтерілген баға бүгін 20,7 пайызға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Бұған экономистер геосаяси тұрақсыздық себеп екенін айтады. Былтырғы қуаншылықтың зардабы бар. 

Қымбатшылық инфляцияға да айтарлықтай әсер етіп жатыр. Сарапшылар алдағы уақытта ішіп-жемнің құны шарықтамаса, арзандамайтынын айтады.   Биыл әлеуметтік маңызы бар тауарлар былтырғымен салыстырғанда 10 пайызға жоғары.

Соңғы аптада азық-түлік бағасының тағы да өсуі байқалған. Сәбіз – 3, пияз – 2 жарым, картоп 2 пайызға өскен. Ал жылдық көрсеткіште үшеуінің құны 30 бен 60 пайыз аралығында аспандаған. Тек орамжапырақ ғсоңғы аптада бір пайызға төмендепті. Дегенмен жылдық өсімі 207 пайызды құрайды.



Қазақстандықтар ақшасын әсіресе қант сатып алуға көптеп жұмсапты. Бір жылда құны 57 пайызға бір-ақ көтерілген. Халық, қарақұмықты әдеттегіден 30 пайыз қымбатқа сатып алса, күнбағыс майы 22 пайызға өскен.

Экономистердің айтуынша, қымбатшылық әлемдегі геосаяси жағдай реттелмейінше, жалғаса бермек. Тек жаз, күз айларында маусымдық жеміс-жидектер мен көкөністер шығып, баға тұрақталуы мүмкін.

"Отандық кәсіпкерлерді қолдап, бірге жұмыс істеу керек", - дейді экономистер. Аталған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрін де өз елімізде шығаруға болады.  

“Инфляция наурыз айында қатты шарықтады. Себеп: геосаяси жағдайдағы болып жатқан шиеленістер. Өткен жылда да біраз жағдай болды инфляция қарқынына. Өткен жылда болған қуаңшылық бар. Соның салдарынан жемшөп аз шықты, бағасы қымбат болды. Қазір енді ет бағасының қымбат болып жатқанына соның әсері бар”, – дейді экономист Мақсат Халық.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр