Сарапшы жалғыз саяхаттауға болмайтын жеті елді атады
Фото: Pixabay.com
Жалғыз саяхаттау ыңғайлы болғанымен, қауіпсіздік үшін алаңдауыңыз мүмкін. Турист маман жалғыз саяхаттауға келмейтін елдердің тізімін жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Билеттерді брондау алдында елдегі қылмыс деңгейін, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жағдайын анықтау керек. Сондай-ақ саяси жағдайын білу маңызды, яғни қарулы қақтығыстардың немесе террористік қауіптің болуын біліңіз. Одан бөлек жол жағдайы, көлік, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, жергілікті әдет-ғұрыптар мен туристерге, әсіресе әйелдерге деген көзқарасын анықтаған абзал.
Жеке саяхаттауға кеңес бермейтін 7 ел
1. Венесуэла
Әлемдегі ең көп қылмыс жасалатын елдердің бірі. Қарулы тонау, адам ұрлау, экономикалық және саяси дағдарыстар бар. Маргарита аралы сияқты туристік аймақтардың өзі сақтықты қажет етеді.
2. Бангладеш
Халықтың жоғары тығыздығы, кедейлік. Жалғызбасты әйелдерге жалғыз жүру қауіпті. Тіпті қарапайым серуендеу кезінде ерлер тарапынан азғындау, қырындау байқалады.
3. Бразилия
Сәнді жағажайлар кедей аймақтарға және қылмысқа жақын орналасқан. Рио-де-Жанейро мен Сан-Паулуда тонау жиі кездеседі. Жалғыз жүретін туристерге бағалы заттарды алып жүрмеу және көшеде ерекше сақ болу ұсынылады.
4. Оңтүстік Африка
Зорлық-зомбылық деңгейі өте жоғары. Туристерге қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген.
5. Пәкістан
Террорлық шабуылдар қаупі, діни бақылаудың жоғары деңгейі. Туристерді көбіне конвой ертіп жүреді. Әйелдер дресс-кодты қатаң сақтауы тиіс. Әрі оларға жалғыз жүруге тыйым салынады.
6. Иран
Мұнда да әйелдер денелері мен бастарын жабуы керек, сонымен қатар алкоголь ішпеуі керек. Қазіргі жағдайда саяхатты кейінге қалдырған дұрыс.
7. Израиль
Аймақтағы тұрақсыз жағдай, мерзімді қақтығыстар мен шиеленістер. Рейс жиі тоқтатылады.
Жалпы жалғыз саяхаттайтындар елдегі жағдайды алдын ала зерттеп, елшілікпен тығыз байланыста болуы тиіс. Тым бағалы киініп, назар аудартпауға тырысқан жөн. Күмәнді жерлерден және түнгі серуендерден аулақ болыңыз.
Бейтаныс адамдарға сенбеңіз және тәттілерді қабылдамаңыз. Алкоголь мен есірткіден аулақ болыңыз.
Құжаттардың көшірмелерін, түпнұсқаларын қауіпсіз жерде алып жүріңіз. Сақтандыруды алыңыз және шұғыл байланыс қолданбаларын орнатыңыз.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
