Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбекова бар": Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады

Танымал әнші Айгүл Елшібаева ұлттық киімдерге қатысты өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Өнер иесі қазақ қыздарының араб киімдерін киіп жүргеніне ашуланды. 

“Хиджабтың үстінен тақия киіп, тақиямызды қор қылмаңдар. Қазақта қыз тақия, әйел орамал, кемпір кимешек киген. Сендердің хиджабтарыңның үстінен тақия кигенді көрген ана ғасырдың адамы "мынау кемпір ме, әлде қыз ба?" деп таңғалар. Я кемпір бол, я қыз бол. Салафит қатындар қазақтың қыздарының киімін қор қылып, салафизмді жастарға насихаттаудың кулық жолын жасамаңдаршы. Қулықтарың салт-дәстүрді білетін қазаққа ерсі болып көрініп қалады", — деп жазды әнші. 



Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі дұрыс деп өнер иесін қолдаса, енді бірі ақыретте осы сөзі үшін жауапқа тартылатынын еске салып жатыр. 

“Сіз айтпағанда кім айтады?!”, “Өте орынды пікір”, “Тірі кездеріңде айтып қалыңдар!”, “Алланың бұйрығына қарсы шығып отыр”, “Сара Тоқтамысова мен Мөлдір Әуелбековалар тағып жүр. Алдымен эстраданы тазалау керек”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Айгүл Елшібаева дінтанушы Дарын Мубаровтың "Домбыра ақыретте пайда бермейді" деген пікірін сынаған еді. 

Талқылау