Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сара маған қарамайды": Тұрар Ыдырыс жеке өмірінен сыр шертті

Танымал әнші Тұрар Ыдырыс жеке өмірінен сыр шертіп, жақын арада шаңырақ көтермейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

Өнер иесі 28 жасқа толса да, шаңырақ көтеруге асықпайтынын жасырмады.

“Жеке өмір бәріне қызық. Басым бос, жүрегім бос, бәрі бос боп тұр. Білмеймін енді, әзірге бұйырмаған ғой. Әзірге бұйырмай тұр, бұйырған күні болатын шығар. Қызға қояр талабым көп емес. Бастысы менің адамым болса болды ғой. Қазір уақыты келген жоқ деп ойлаймын. Уақыты келген кезде менің де бір маңдайыма жазылған бақытым бар шығар. Ешкім жүрегімді жаралаған жоқ. Барлығы жақсы. Мен 28 жас деген қатты қорқынышты жас деп ойламаймын. Мен қатты үйленбей қалатын болдым деп уайымдамайды екенмін", – деді өнер иесі. 



Сонымен қатар Тұрар Ыдырыс ел арасында Сара Амангелді екеуіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды. 

“Ашығын айтсам, біз Сарамен жай ғана доспыз. Ешқандай қарым-қатынас болған жоқ. Тек доспыз, бірге киноға түстік. Сол кинода жұптың рөлін ойнадық қой екеуміз. Халық сенді ойынымызға да, рөліміз де шынайы шықты. Мен үйреніп қалғанмын ондай нәрсеге. Екі адамды қосып кетеді. Бірақ қайталап айтайын, біз жай ғана доспыз. Иә, Сара ең әдемі, ең ақылды, ең талантты қыз, оған таласым жоқ. Былай айтқанда, Сара маған қарамайды", – деп күлді әнші. 

Айта кетейік, Сара Амангелді әнші туралы ойын ашық айтып, ұнатпайтынын жасырмады. 

Талқылау