"Сапа мен білікті дәрігерлер": Неліктен шетелдіктер медициналық туризм үшін Қазақстанды таңдайды
Денсаулық сақтау министрлігі көпшіліктің Қазақстанды неліктен медициналық туризм үшін таңдайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, біздің елді:
- Сапалы медициналық көмек;
- Диагностика мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістері;
- Дамыған аурухана инфрақұрылымы;
- Жоғары білікті дәрігерлер;
- Медициналық қызметтердің құны шетелдерге қарағанда төмен болғаны үшін таңдаған.
Министрлік мәліметінше, 2024 жылы университеттің медициналық орталығы клиникаларының базасында 2000-нан астам шетелдік пациент емделген.
"Олар қымбат, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, хирургиялық араласуды, соның ішінде жүрек операцияларын, стоматологиялық көмекті, онкологияны емдеуді және буындарды протездеуді таңдайды. Бізге көбіне Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан сияқты таяу шет елдерден келеді. Сондай-ақ Түркия, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Аустралия елдерінен келетіндер де бар", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирусқа қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"