Санжар Мәдиевтің отбасылық суреттері жұрттың жүрегін елжіретті (фото)
Қазақстандық актердің отбасылық суреттері жұрттың жүрегін елжіретті.
Фото: instagram.com/lofficielkz/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Санжар Мәдиев қазақстандық көрермендеріне отбасын қатты жақсы көретіндігімен де танымал. Ол үнемі инстаграм парақшасы арқылы сүйіктісі мен қызын жақсы көретінін жазып отырады. Оларға арнап түрлі тосын сый жасайды. Актердің соңғы отбасылық фототүсірілімі жұрттың жүрегін елжіретті.
Санжар Мәдиев жуырда Ресейдегі түсірілім жұмыстарынан оралды. Актер “Алтын Орда” телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған болатын. Қазір ол отбасының қасында. “Қыздарымның қасында өзіме күш жинап жатырмын. Біз алдағы үлкен жоспарларымызды іске асыруға дайын болып қалдық”, – деп жазды суреттің тұсына Санжар Мәдиев.
Желі қолданушылары өз кезектерінде тәнті екендерін жеткізді. “Сіздің әйеліңіз сондай сұлу”, “Қазақстандық актерлердің ішінде ең шынайы ойнай алатын актер. Өнеріне тәнтімін. Тек қазақша сөйлемейтіні өкінішті”, “Сондай кереметсіздер! Отбасыңызға береке, мансапта табыс тіледім” дейді олар.
Естеріңізде болса, актер қызына ағылшын тілінде ән салып берген болатын. Ал актердің бұл қырын білмеген желі қолданушылары оның әнін ерекше ықыласпен тыңдағандарын айтты. Арасында альбом жазуға кеңес бергендер де болды
Жіберіп алмаңыз:
Аша Матай жаңа істі қолға алды
Алматылық бизнесмен Баян Мақсатқызы туралы: “Ол менің өмірімді өзгертті”
Балғынбек ақын өзге ұлт жігіттерінің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (видео)