Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санжар Мәдиев: Депутаттардың өздерін саудаға салу керек

Актерлік шеберлігін Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында шыңдаған Санжар Мәдиев жер мәселесіне қатысты пікір білдіріп, депутаттарды саудалауға ұсыныс тастады.

8c178d12fc42e6127de13611eb0bff85_big

Фото: voxpopuli.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

“Жердің сатылуына қатысты менің пікірімді білгілеріңіз келе ме? Біздің депутаттарды саудаға салып, оларды алып кетуі үшін үстіне ақша төлеуіміз керек. Мен “Си Цзиньпин, Қытайдың барлық елдімекенін сіздің атыңызбен атауды ұсынамын” деген сөздерін ғана естимін”, – деп актер өз ойын бүркемесіз ашық айтып берді.

Актердің фейсбук парақшасына жазғанын оқыған халық сөзінің жаны бар екенін айтып, аз уақыт ішінде 100-ден астам пікір қалдырған. Тіпті, Санжар Мәдиевтен өзге әріптестері секілді бір шараны қолдануды өтінгендер де бар. Мұндай өтінішке актердің қалай жауап беретіні әзірге белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевті айналдырып алды

Санжар Мәдиев Голливуд сахнасында ессіз ақынның рөлін сомдады

Санжар Мәдиев «Защитники» фильмінде желге айналып кететін суперқаһарманның образын сомдады (фото, видео)

Актер Санжар Мәдиев голливудтық беделді стипендияны жеңіп алды

 

Талқылау