Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сантехник жүкті келіншектің ваннасына жасырын камера орнатып кеткен

Англияда сантехник бір отбасының үйіне құпия түрде жасырын камера орнатып қойып, жүкті келіншектің душ қабылдаған сәтін бақылап жүрген.

Принимаем-правильно-душ

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Кржитоф Карват есімді 36 жастағы сантехник шақырумен барған үйдің ваннасына жасырын камера орнатып кетеді. Ол осы ісі арқылы жүкті келіншектің жалаңаш сәтін бақылмақшы болыпты. Ал әйел жасырын қойылған камераны тауып алған кезде, бірден полицияға хабарласқан. Тексеру кезінде полицейлер Карваттың ұялы телефон мен компьютерінен әйелдің жалаңаш кезіндегі бенежазбаларын әшкерелепті.

Ваннада болып жатқан оқиғаның бәрі сантехниктің телефонынан көрініп отырған. Тінту кезінде тәртіп сақшылары оның компьютерінен жеті бейнежазбаны тауып алды. Айыпталушының қорғаушысы Карваттың порнографияға қатты қызығатынын және вуайеризм (адамдардың интимді өмірін қызықтау) ауруына шалдыққанын айтты.

Ол екі бап бойынша айыпталғанына қарамастан, ұзақ мерзімге түрмеге жабылмады. Сот оны сегіз айға ғана бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстанда анализ тапсырған ер адам жүкті болып шыққан

Қытайда салмағы 6,7 келі болатын алып бала өмірге келді

Тыржалаңаш отырған мектеп директорын суретке түсіріп алған оқушылардың басы дауға қалды

Шешенстан президентінің қызы алғаш рет өзінің сәнді топтамасын ұсынды (фото)

Талқылау