Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәнгердің қорғаушысы Меруерт Түсіпбаеваны сотқа күштеп әкелуді талап етті

Сәнгердің қорғаушысы Жұмат Әбенов әншіні сотқа күштеп әкелуді сұрады. Мұнымен қатар, қорғаушысына қатысты да белгілі бір шаралардың қолданылуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

15697463_1157720597675145_6665089609749761533_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Меруерт Түсіпбаева шетелде ем-домын қабылдап, жуырда Қазақстанға оралды. Алайда ол үшінші рет өткен сот отырысына келмеді. Бүгінде Меруерт Жадоны көргісі келмеген сыңайлы. Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №2 сотының төрағасы Теміржан Құдабаев Меруерт Түсіпбаеваның қорғаушысынан келіп түскен хатты оқыды.

Қорғаушы Батталованың анасы тосыннан ауруханаға түскен көрінеді. “Меруерт Түсіпбаева және оның өкілі – қорғаушысы келмеді. Олардың арызына байланысты істі қарау кейінге қалдырылды”, – дейді сот төрағасы. Айыпталушының бұл қылығын Жадоның қорғаушысы түсіне алмады. Ол соттан Меруерт Түсіпбаеваны күштеп әкелуді өтінді.

“Мен жаңа сот алдында бірнеше талабымды айттым. Келесі жолы себепсіз келмей қалатын болса, сотқа мәжбүрлеп әкелуді сұрадым. Екіншіден, егер қорғаушысының анасы емханаға түсті деген сөздері жалған болатын болса, оған қатысты да шара қолдануға болады”, – дейді сәнгердің қорғаушысы Жұмат Әбенов.


Жіберіп алмаңыз:

Динара Бақтыбаева не себепті құрбысының жігітімен төсектес болғанын түсіндірді

Баян Есентаева: Небәрі жарты сағаттың ішінде барлық тісімнен айырылдым

Жанат Бақыт Баян Есентаеваны әжуалады (фото)

Алматылық карикатурашы әнші Болмановқа жауап берді

Талқылау